Алматыда Shacman маркалы жүк көлігі Саин көшесінде, Абай даңғылының астындағы жол өткелінің тұсында жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Алдын ала мәліметтер бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан жүргізуші басқаруды жоғалтып, бетон қоршауға соғылған.
Қатты соққыдан жүк көлігінің кабинасы ауыр механикалық зақым алды. Полиция мәліметінше, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдеді.
Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, жол жағдайын ескеру және рульде мұқият болу қажеттігін еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz