
Алматыдағы Теректі шағын ауданында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
AlmatyJoly Telegram-арнасының мәліметінше, Алатау ауданындағы Айнамалы көшесінің Марток көшесінен Орталық көшесіне дейінгі учаскесінде сумен жабдықтау және кәріз тарату желілері салынуда.
Осыған байланысты 2026 жылғы 3 маусымнан 3 шілдеге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Бұған дейін Алматыда жоспарлы жұмыстарға байланысты суық суды уақытша өшіру жалғасып жатқаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz