...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бір көше бойымен жүріс-тұрыс бір айға жабылады

Алматыда Айнамалы көшесінде көлік қозғалысы бір айға шектеледі. Шектеу 3 маусымнан 3 шілдеге дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Almaty Joly Telegram-арнасының хабарлауынша, Алатау ауданындағы Теректі шағын ауданында Айнамалы көшесінің Марток көшесінен Орталық көшесіне дейінгі учаскесінде 3 маусымнан 3 шілдеге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Бұл учаскеде сумен жабдықтау және кәріз тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Осы кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру сұралады.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері, көрсеткіштер мен қоршаулар орнатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандарыңызға рақмет», — деп мәлімдеді ведомство.

Дереккөз: Nur.kz