...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жол ережесін бұзған 81 жүргізуші мас күйінде ұсталды

Алматыда полиция жолдардағы тексерулерді күшейтті. Қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу және барлық жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған. 17 шілде 2026 жылғы мәлімет бойынша, жауапкершілікке тартылғандар:

  • 81 жүргізуші – алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін,
  • тағы 47 жүргізуші – қарсы жолаққа шыққаны үшін.

Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, масаң күйде рульге отырмауға шақырады. Заңды сақтау және жолда өзара құрмет адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін ескертеді.

14 шілде 2026 жылы Қазақстан жолдарында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауқымды тексерулер жүргізілетіні белгілі болды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, іс-шараның алғашқы үш күнінде 22,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталған.

Дереккөз: Zakon.kz