Әлеуметтік желіде 11 тамызда автокөлік тіркеушісінің видеосы пайда болды. Кадрларда жүргізуші бұрылып жатқан джиптің алдында тоқтамай, оны айналып өткен. Кейін джип жүргізушісі оны тоқтауға мәжбүрлеген. Ер адам көліктен шыққанда – бетінен соққы алған. Оқиға Сейфуллин даңғылындағы Forum сауда орталығының қарсысында болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі екі автокөлік жүргізушісі арасындағы жанжал фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жігіттер жерде жатқан ер адамдарды аяусыз соққыға жыққан тағы бір қатыгез видео тараған. Полиция бұл жанжалға қатысушылар бір-бірін танитынын мәлімдеді.
