...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жеңіс күніне 15 ардагер 5 млн теңге алды: толық тізім

Алматыда Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар 50 мыңнан 5 млн теңгеге дейін төлем алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 9 мамыр қарсаңында 15 Ұлы Отан соғысының ардагері 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Сонымен қатар, 1969 жылдың наурызында Даманский аралы ауданында және 1969 жылдың тамызында Жалаңашкөл көліндегі ұрыс қимылдарына қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден төленді.

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1 353 адам, шет мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының 2 955 ардагері, сондай-ақ соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін орден және медальдармен наградталған 4 713 тыл еңбеккері 100 мың теңгеден алды. Қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің 191 жесіріне 50 мың теңгеден төленді,

делінген әкімдік хабарламасында.

Төлемдер Алматы қалалық мәслихаты бекіткен жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізілді. Материалдық көмек өтінішсіз, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тізімдері негізінде төленді.

Астанада Жеңіс күніне орай 3 398 адам біржолғы төлем алды — сомалар 64 мыңнан 5 млн теңгеге дейін өзгереді.

Дереккөз: Nur.kz