...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жел күшейеді: тауға шығудан бас тартуға кеңес берілді

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты демалысшыларға тауға шығудан бас тартуға, ал жүргізушілерге ағаштардың астына көлік қоймауға кеңес берілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын жел күшейеді, оның екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Бостандық және Медеу аудандарындағы таулы аймақтарға да қолайсыз ауа райы әсер етеді. Мұнда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және секундына 15–20 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі.

Құтқарушылар ауа райы жақсарғанша тауға барудан бас тартуды қатаң ұсынады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК апталық ауа райы болжамын ұсынған болатын. Гидрометцентрдің дерегінше, найзағай келгенге дейін Алматыда +35°С-қа дейін ыстық болады.

Дереккөз: Zakon.kz