Алматыда қоғамдық көліктің сыртқы көрінісін жаңарту мақсатында 60 автобустың түсі өзгертіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін Алматыда қалалық автобустардың бірыңғай түстік форматы бекітілген болатын.
Қазіргі уақытта сынақ режімінде 5 бағыттағы (51, 87, 134, 140, 247) 60 автобустың ғана түстік гаммасы өзгертілді. Бұл қоғамдық көліктің сыртқы түрін жаңарту және тартымдылығын арттыру үшін жасалып отыр.
«Қызыл түс энергияны, дамуды және алға жылжуын білдіреді. Ол қалалық ағында жақсы байқалады, бұл қоғамдық көліктің танымалдылығын арттырады», — деп түсіндірді Алматы қаласының жол қозғалысы мен жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасында.
Сондай-ақ басқармада жаңа түстік гамманың таңдауы қолданыстағы автобустарға әсер етпейтінін айтты. Жасыл автобустарды қызыл түске бояу жоспарланбайды.
«Жаңа түстік гамма бекітілген жағдайда, ақпарат ашық дереккөздерде жарияланатын болады», — деп қосты басқармада.
