
Алматыда сот шешімімен мейрамхана кешенінің қызметі алты айға тоқтатылды. Ол заңды өкілдерінсіз жасөспірімдерді түнгі уақытта кіргізген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ІІМ ведомстволық сайтының мәліметінше, Алматы Медеу ауданы полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болу фактілерін анықтаған. Сонымен қатар, жасөспірімдер алкогольді ішімдіктер ішкен.
Бұзушылықтар түнгі клубтар мен бараларда анықталды. Әрбір факт бойынша полиция қолданыстағы заңнама аясында шара қабылдады. Мекеме иелері мен өкілдері кәмелетке толмағандарды тыйым салынған уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені, сондай-ақ жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өзге де бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды. Істерді қарау нәтижесінде мекемелердің қызметі алты ай мерзімге тоқтатылды, — деп хабарлады ІІМ.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу және бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болу фактілері үшін жауапкершілікке тартылды.
Мейрамхана кешендерінің біріне қатысты сот шешімін ерекше атап өткен жөн. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты заңды тұлғаны құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою шараларын қабылдамағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен мекеменің қызметі де алты айға тоқтатылды, — деп хабарлады ведомство.
Дереккөз: Nur.kz