...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Саина көшесінің көптен күткен учаскесі ашылды: жүргізушілерге қандай өзгерістер

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаны іске асыру 2018 жылы басталып, жұмыстар жер учаскелерін сатып алу барысында жүргізілген. Соңғы учаске 2025 жылдың қазан айында босатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы қозғалыстың неге кеш ашылғанын түсіндірді:

Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігіне асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселген. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальттың жоғарғы қабаты төселеді.

Учаскеде әлі де дублерлер, тротуарлар, веложолдар салу және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін бұл учаскеде жылдамдық 40 км/сағ-қа дейін шектелген.

Дереккөз: Zakon.kz