NUR.KZ 29 қазанда Алматыда PR-мамандарға арналған митап өткізеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Іс-шара Almaty Management University-де (Розыбакиев көшесі, 227) өтеді, басталуы 17:30-да.
Митаптың тақырыбы: «PR-бюджетті бірінші қысқартады: миф пе әлде шындық па?». Іс-шара барысында компаниялардың нақты кейстері талқыланып, PR-бюджет туралы шешімдердің қалай қабылданатыны – оны қашан қысқартатыны, сақтайтыны немесе керісінше ұлғайтатыны туралы айтылады.
Сонымен қатар, PR-бюджет туралы мифтер мен шындық, PR тиімділігін қалай дәлелдеуге болатыны, қандай көрсеткіштер мен дәлелдер бизнес үшін PR құндылығын көрсетуге және инвестицияларды негіздеуге көмектесетіні қозғалады. Іс-шара соңында ашық дискуссия және нетворкинг өтеді: спикерлерге сұрақтар қою, тәжірибе алмасу және PR-мамандар, маркетологтар мен бренд өкілдерімен танысу мүмкіндігі.
Спикерлер:
- Ерке Конеева – Burger King Kazakhstan компаниясының түсім, өсу және маркетинг жөніндегі директоры. Бизнесті өсіру, маркетинг және стратегия саласындағы сарапшы, Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші retail компанияларында жұмыс тәжірибесі бар.
- Айнур Искакова – Қазақстандағы Яндекс компаниясының ойын-сауық сервистері бойынша PR-жобалар жетекшісі. Стратегиялық коммуникациялар және PR саласындағы сарапшы, Red Bull, Chevron, BTSDigital, БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (МОМ), АҚШ дипломатиялық миссиялары және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жобаларды басқару тәжірибесі бар.
- Гаухар Керимова – PR-кеңесші, Home Credit Bank компаниясының PR-жетекшісі, Alma U Медиа және кино мектебінің оқытушысы (репутацияны басқару бойынша), PR-shy және Forbes Women Club Kazakhstan клубтарының мүшесі.
- Евгения Кожа-Ахмет – RAMS ALMATY құрылыс компаниясының және «Хоргос-Восточные ворота» жобасының PR-директоры. Коммерциялық, мемлекеттік, квазимемлекеттік және халықаралық жобаларды ілгерілету саласында 17 жылдық тәжірибесі бар.
- Мария Мартынюк – NUR.KZ компаниясының сату бөлімінің директоры, модератор.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Толық ақпарат NUR.KZ сайтында.
