Бостандық ауданында полицейлер 14 жасар жасөспірімнен iPhone ұрлады деген күдікпен екі кәмелетке толмағанды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс жасалғаннан кейін оларға кәмелетке толған ер адам жасырынуға көмектескен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, Бостандық ауданында екі жас алдау арқылы жасөспірімге тиесілі iPhone-ды иеленіп, оқиға орнынан жасырынған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар екі кәмелетке толмаған болып шықты.
Сонымен қатар, күдіктілерге қылмыс жасағаннан кейін жасырынуға көмектесті деген күдікпен кәмелетке толған ер адам ұсталды. Полицейлер ұрланған смартфон табылған әйелді де анықтады. Телефон тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде қосылды.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Дереккөз: Inalmaty.kz