...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаңбыр, Астанада күрт суық: 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстік астанасында жаңбыр жауып, елордада ауа температурасы күрт төмендейді. 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда 11 қыркүйекте ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +16…+18°С, күндіз +30…+32°С жылы болады. Жел екпіні 18 метрге секундқа жетеді.

12 қыркүйекте ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел кейде 15-20 метрге секундқа дейін күшейеді. Түнде +16…+18°С, күндіз +21…+23°С.

13 қыркүйекте де ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 20 метрге секундқа дейін көтеріледі. Түнде +13…+15°С, күндіз +16…+18°С.

Астанада 11 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°С, күндіз +32…+34°С ыстық болады.

12 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С.

13 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°С, күндіз +28…+30°С.

Шымкентте 11 қыркүйекте ала бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні 15-20 метрге секундқа жетеді. Түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С.

12 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 метрге секундқа. Түнде +17…+19°С, күндіз +27…+29°С.

13 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 13 метрге секундқа дейін көтеріледі. Түнде +13…+15°С, күндіз +29…+31°С.