...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жалдамалы үйден ер адамның мәйіті табылды

Жетісу ауданындағы жалдамалы жеке үйдің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, ер адам үйде бауырымен бірге тұрған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол жұмыс істеп, тынық өмір салтын ұстанған, ішімдік пен басқа да зиянды әдеттерге әуес болмаған.

Ер адамның мәйіті аулада орналасқан сыртқы дәретханадан табылған.

Оқиғаның мән-жайы мен ықтимал себептері анықталып жатыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, биылғы жылдың 29 маусымында Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Туыстары мәйітті қарау кезінде көгерген жерлер мен жарақаттарды байқағанын, олардың пікірінше, қыздың өлімінің мән-жайына қатысты сұрақ туғызатынын айтады.