...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Астана, Алматы және тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту жасалды

3 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жүріп-тұруды жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 3 қыркүйекте Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау және Өскемен қалаларында ҚМЖ болжанып отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ұсынылады:

• өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек;
• ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру және спортпен айналысуды жабық спорт кешендерінде өткізу.

Бұған дейін Қазақстан аймақтарында 3 қыркүйекке арналған дауылды ескертулер туралы хабарланған болатын.