...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе бұзылды

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы Поддубный көшесі, 119-үйдегі заңсыз нысанның бұзылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсат құжаттарынсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы кафе ретінде пайдаланғаны анықталған.

Кейін меншік иесіне құрылысты бұзу арқылы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Бүгінгі күні нысан меншік иесімен нұсқама талаптарын орындау мақсатында ерікті түрде бұзылды.

Дереккөз: Almaty.tv