...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендердің төлі өсті

Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендердің төлі өсті. Стелла және Айна есімді аналық ақбөкендер екі лақ әкелді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ақбөкен (Saiga tatarica) — мұздық дәуірінен сақталған жануарлар әлемінің ең көне өкілдерінің бірі. Бүгінде бұл түр қорғауда және ерекше табиғат қорғау мәртебесіне ие.

Мамандардың айтуынша, лақтардың жағдайы жақсы, олар белсенді дамып, аналарының қасында жүр. Қазір олар сүтпен қоректенеді, ал есейген сайын біртіндеп өсімдік азығына көшеді.

Алматы хайуанаттар бағы ақбөкендердің төлін қолда өсіру тұрақты жүзеге асатын сирек зоологиялық мекемелердің бірі. Мамандар бұл сирек кездесетін түрді сақтау және биологиялық әртүрлілікті қолдау жөніндегі жұмыстың маңызды нәтижесі екенін атап өтеді.

Қазір лақтардың жасы бір айға жуық. Олар ветеринарлық мамандардың тұрақты бақылауында және жас ерекшеліктеріне сәйкес дамып келеді.

Хайуанаттар бағына келушілер кішкентай ақбөкендерді көріп, қазақстандық даланың ең сирек тұрғындарының бірін бақылай алады.

Дереккөз: Almaty.tv