...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарының иелеріне ескерту жасалды

Алматыда сыртқы жарнама нысандарын тексеру жалғасып жатыр, заңсыз орнатылған құрылымдардың иелеріне алдымен ескерту жіберіледі, ал талап орындалмаса — нысандар бұзылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мегаполисте сыртқы жарнама нысандарын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қолданыстағы талаптарды бұза отырып орнатылған құрылымдарды анықтап жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы хабарлады.

Мониторинг нәтижесінде сыртқы визуалды жарнаманы орнату ережелерінің талаптарына сай келмейтін заңсыз құрылымдар анықталады.

Мұндай құрылымдардың иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарламалар жіберіледі. Талаптар орындалмаған жағдайда құрылымдар бұзылады.

«Визуалды шу тудыратын, қаланың сәулеттік келбетін бұзатын, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіретін нысандарға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, күшейтілетін болады», — деп атап өтті басқармада.