...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы – Екатеринбург тас жолында қақтығысқан көліктер: бір әйел қаза тапты

Алматы – Екатеринбург тас жолының 384-шақырымында «Газель» жүк көлігі мен «Лада Калина» жеңіл көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға туралы алғашқы мәліметтер мен апат орнынан түсірілген бейнелер әлеуметтік желілерде тараған.

Алдын ала деректер бойынша, «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «Лада Калина» жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған. Екі жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Апатқа байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала деректер бойынша, «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «Лада Калина» жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысқан», – делінген ведомство хабарламасында.

Тәртіп сақшылары қазақстандық жүргізушілерді алыс рейстерде еңбек және демалыс режимін сақтауға шақырды.