...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ұрланған 30-дан астам телефон тәркіленді: ІІМ дерегі

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығы азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы байланыс құралдарын ұрлау дерегі 40%-ға қысқарған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция 900-ден астам осындай қылмысты ашқан. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылған. Жауапкершілікке 700-ден астам адам тартылған. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ жойылған. Ерекше назар ұрланған техниканы өткізу орындарына аударылған.

Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді. ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Полиция азаматтарды сақ болуға және қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Заң мен тәртіп әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады.

Дереккөз: Almaty.tv