
Алматы полицейлері Алатау ауданындағы жеке үйдің маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы бар қойманы анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы қару дүкенінен бұрын ұрланған екі екіұңғылы мылтықты тапты. Екі мылтық алынып, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заңсыз айналымдағы қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандарды алып қоюға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.
Еске салайық, «Қазақмыс» нысандарынан ұрлық жасады деген күдіктілерден бір тоннадан астам жанармай және қару тәркіленген болатын.
Дереккөз: Inform.kz