Алматыда үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Toyota Alphard минивэні Панфилов көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатқанда, BMW 5 сериясы Маметова көшесімен батысқа қарай бет алған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бағдаршам жұмыс істемегендіктен, жүргізушілер жол белгілеріне сүйенуі керек еді. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі «Жол бер» белгісінің талабын орындамаған, содан кейін қиылысқа шығып, Toyota Alphard-пен жанама соқтығысқан.
Соққы минивэннің дөңгелегіне тиіп, Toyota жүргізушісі басқаруды жоғалтқан. Көлік қиылысты кесіп өтіп, бүйірімен аударылып, инерциямен жылжып, тұрған «Газельге» соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, BMW жүргізушісі жарақат алған, бірақ ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер апатқа қатысушылардың барлығын тексерген, алайда ешкімді ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
Дереккөз: Zakon.kz