...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндірген зертхана жойылды

Алматыда көпқабатты тұрғын үйде синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицияның назарына қаланың 34 жастағы тұрғыны түскен. Ол көпқабатты тұрғын үй кешенінің пәтерінде мефедрон дайындаумен айналысқан.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыскер шағын зертхананы ғимараттың ең жоғарғы қабатында әдейі жабдықтаған. Мақсаты — көршілердің назарын аудармау үшін түтін шығармай, сорғыш құбырды үйдің желдету шахтасына қосу болған.

«Шағын зертхананың ерекшелігі — қылмыскер өндірісті ғимараттың соңғы қабатында әдейі жабдықтап, көршілердің назарын аудармау үшін түтін шығармай, сорғышты үйдің желдету шахтасына қосқан», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов.

Тінту барысында тәртіп сақшылары бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны тұғыр, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыс, электронды таразы және жеке қорғаныс құралдарын тапқан.

Алынған есірткінің жалпы салмағы 4,5 келіні құрады.

ІІМ-де Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қаупі төніп тұр.