...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі 10 тәулікке қамалды

Алматыда тұрғын үй кешеніне кіреберісте болған жанжалдан кейін күзет қызметкері әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға кешкі уақытта бір тұрғын үй кешенінің кіреберісінде болған. Жүргізуші шлагбаумға жақындаған, алайда күзет қызметінің қызметкері көлікті өткізуден бас тартқан.

Ерлер арасында ауызша жанжал туындаған.

Желіде жарияланған бейнежазбаға Наурызбай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел ден қойды.

Тәртіп сақшылары бұзақының жеке басын анықтады – ол Ермек Иембердиев болып шықты.

Оның әрекеттерінен полицейлер ұсақ бұзақылық белгілерін көріп, әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жіберді. Сот шешімімен ер адамға 10 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті автобустағы агрессивті жолаушының полицеймен «диалогы» қалай аяқталғанын айтқан болатын.