...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі дрифт ұйымдастырған жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы полиция қызметкерлері BMW көлігінің жүргізушісін ұстады, ол түнде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған. Бұзушы жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық ПД мәліметінше, түнгі сағат үш шамасында ер адам жол қозғалысы ережелерін әдейі елемей, қауіпті маневрлер мен дрифт жасап, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, тұрғын аудандардағы тыныштықты бұзған. Жүргізуші анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталды. Оған қатысты алты құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Бұзушының автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен жүргізуші қамауға алынды.

Дереккөз: Inalmaty.kz