Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде, жанжал кезінде бір жас жігіттің пышақ жарақатын алғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ізін суытпай «Буран-308» экипажы оқиғаға қатысы болуы мүмкін алты жас жігітті ұстады. Олардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылған. Сондай-ақ полицейлер тергеу үшін маңызы бар заттарды тәркіледі.
Барлық ұсталғандар Әуезов ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, олармен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның толық бейнесін анықтап, жанжалдың себептерін, әрбір қатысушының рөлін және пышақ жарақатын салған адамның жеке басын анықтауда.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Дереккөз: Zakon.kz