Алматының Наурызбай ауданында есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады, оның көлігін тексеру кезінде жолаушы орнында скотчпен оралған 30 орама табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Орамалардың ішінде ақ ұнтақ тәрізді зат болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл — мефедрон. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмнан асты.
Іздестіру шаралары осымен шектелмеді: ер адамның тұрғылықты жерін тексеру кезінде шамамен бір килограмм ұнтақ тәрізді зат салынған контейнер, сондай-ақ өсімдік тектес, болжам бойынша гашиш салынған екі орама табылды. Олардың жалпы салмағы шамамен 50 грамм.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған адам есірткі желісінде курьер болып жұмыс істеген. Ол мессенджер арқылы тапсырыс берушілердің координаттарын алып, тыйым салынған заттарды алып, әр тапсырыс үшін ақы алған», — деп мәлімдеді полицияда.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
