Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Алмалы ауданындағы түнгі рейдтер барысында ойын-сауық орындары, көшелер мен қоғамдық кеңістіктер қатаң бақылауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаяу патрульдер белгіленбеген жерлерде алкоголь ішкен 29 адамды анықтады.
Ал Жетісу ауданында түнгі кафедегі отырыс жанжалға ұласып, ер адам жарақат алды. Тағы бір жанжал азық-түлік дүкенінде болды: әйел ұрлық үшін ұсталған адамды полициядан босатып алуға тырысқан.
