
Алматыда Манас көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектелді. Осыған орай 5 маусымнан бастап №44, №62, №80 және №123 маршруттарының жүру схемасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сол себепті 2 маусымнан бастап №2 және №48 маршруттарының да жүру схемасы уақытша өзгертілді.
№44 маршрутының оңтүстік бағыттағы жаңа схемасы: Абай даңғылы – көлік айырбасы арқылы өту – Мұқанов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріс жоқ.
№62 маршрутының батыс бағыттағы жаңа схемасы: Абай даңғылы – Әуезов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін. Кері бағытта өзгеріс жоқ.
№80 маршрутының оңтүстік бағыттағы жаңа схемасы: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – Атакент маңында бұрылыс (Әуезов көшесі / Тимирязев көшесі) – Әуезов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріс жоқ.
№123 маршрутының оңтүстік бағыттағы жаңа схемасы: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріс жоқ.
Дереккөз: Zakon.kz