Алматыда 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап №53, №109 және №115 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өзгерістер Рысқұлов даңғылынан Орталық көшесіне кіретін жолдың жабылуына байланысты. №53 бағыты Айналмалы көшесімен жүріп, Орталық көшесіне шығады.
Сонымен қатар №119 бағыты уақытша өзгереді: Төле би көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жекелеген учаскелер жабылғандықтан, автобус Гоголь көшесімен жүреді.
2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматыда №17, 46, 93 және 123 автобус бағыттарының сызбалары уақытша өзгеретіні хабарланған. Бұл Қала күніне орай өтетін мерекелік іс-шараларға және №148 мектеп-гимназиясы маңындағы Омаров көшесінің жабылуына байланысты болды.
