...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі 15 сағатқа жабылады

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 15 сағатқа жабылады. 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жөнделіп жатқан учаскеге ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерден өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сонымен қатар, қаладағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі бірнеше түнге жабылады.