...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінде LRT жобасына байланысты қозғалыс шектеледі

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

17 қыркүйек сағат 22:00-ден 18 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа ескерту белгілері қойылады.

Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Айта кетейік, 17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін Қала күніне орай өтетін мерекелік іс-шараларға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөліктері уақытша жабылады.