...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Шымбұлаққа демалыс күндері электромобильдер де кірмейді: Алматыда жаңа шешім қабылданды

Алматыда Шымбұлаққа кіретін көліктерге қатысты жаңа шешім қабылданды: демалыс күндері электромобильдерге де рұқсат берілмейді. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысының орынбасары Аршат Бақтыгереев мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, шектеулер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік және антропогендік жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

Жаңа тәртіптің қажеттілігі 2026 жылғы 12 маусымдағы Конституциялық Соттың қаулысынан кейін туындады. Сот 2016 жылы әкімдік қаулысымен белгіленген бұрынғы шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдер мәслихаттың құзыретіне жататынын және тұрғындардың құқықтарын ескеруі тиіс екенін көрсетті.

Басқарманың деректері бойынша, бақылау-өткізу пункті арқылы күн сайын шамамен 700 автомобиль өтеді. 2026 жылдың сегіз айында 179 024 өту тіркелсе, 2022 жылы бүкіл жыл бойы 76 606 өту болған.

Қабылданған шешім ішкі жану қозғалтқышы бар автомобильдердің кіруін шектеуді көздейді.

Мамандардың нақтылауынша, жаңа тәртіп тұрғындардың мүдделерін, сондай-ақ жедел, оперативті, коммуналдық және арнайы қызметтердің жұмысын ескереді. Мұнда 48 жеке үй, «Қазгидромет» пен «Қазселқорғаныстың» қызметтік-тұрғын ғимараттары, сондай-ақ Тұйық-Су шатқалының нысандары орналасқан.

Айта кетейік, 2026 жылдың 24 шілдесі мен 30 қарашасы аралығында Медеу – Тұйық-Су автомобиль жолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.