...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 орында сенбілік өтті

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы мен «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында 10 орында жергілікті сенбіліктер өтті. Шаралар қаланың 8 ауданын қамтыды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, сенбіліктерге 5 520 адам қатысып, 192 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс барысында 588 м³ қоқыс пен қалдық шығарылып, 210 ағаш отырғызылды, оның ішінде 110 шынар және 100 қарағаш бар.

Сенбіліктер қала инфрақұрылымының негізгі нысандарын — қоғамдық кеңістіктерді, аула аумақтарын және жағалау аймақтарын қамтыды. Тазалау және абаттандыру жұмыстары Аханов көшесінің бойындағы Ақбұлақ шағынауданында, Төле би – Абылай хан – Бөгенбай батыр – Панфилов көшелерінің квадратында, Сайран шағынауданында, Қырмызы көшесінде, «Гүлдер» саябағында және Айнабұлақ шағынауданында, Үлкен Алматы каналы мен Халиулин көшесінің бойында, Таутаған көшесіндегі учаскеде, сондай-ақ «Желтоқсан» саябағында жүргізілді.

Шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың санитарлық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Дереккөз: Almaty.tv