...
... Алматы
USD
EUR
RUB

СПК «Алматы» және «Қазақмыс» корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «СПК «Алматы» АҚ мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және локализация деңгейін арттыру бағытында меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС резиденттерімен кооперацияны дамыту, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«СПК «Алматы» еншілес ұйымы болып табылатын Алматы индустриялық аймағы бүгінде қаланың өнеркәсіптік дамуының негізгі алаңдарының біріне айналды. Қазіргі уақытта оның резиденттері – жалпы жоба көлемі 884 млрд теңге және 20 мыңнан астам жұмыс орнын құру әлеуеті бар 147 компания. Тек 2025 жылы ғана аймақ аумағында 221,2 млрд теңге сомасына 14 жоба іске қосылып, 4 922 жұмыс орны ашылды. Индустриялық аймақ жұмыс істей бастағаннан бері резиденттер 3,4 трлн теңгеге жуық өнім өндіріп, 14 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, ал төленген салық көлемі 96 млрд теңгеге жетті.

Бизнес тарапынан өндірістік алаңдарға жоғары сұраныс Алматы индустриялық аймағының жаңа кәсіпорындарды орналастыру үшін тиімді база ретінде өзектілігін растайды. Осыған байланысты 2026 жылы қала әкімдігі аймақ аумағын 393 гектарға кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл жаңа өнеркәсіптік жобаларды іске асыру және Алматының өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

«Қазақмыс» үшін қазақстандық қамтуды дамыту ұзақ мерзімді стратегияның негізгі элементі болып табылады. Бұл тәсілдің практикалық іске асырылуы көрсеткіштермен расталады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания отандық өндірушілерден шамамен 577 млрд теңге сомасына өнім мен қызмет сатып алған. Осы көлемнің шамамен 27%-ы Алматы кәсіпорындарына тиесілі – бұл 152 млрд теңге, бұл қаланың өңіраралық кооперация жүйесіндегі маңызды рөлін көрсетеді.

Бұл көрсеткіштер өңіраралық кооперацияның жоғары әлеуетін көрсетеді және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизнес арасындағы әріптестікті одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап көрсетеді.

Ынтымақтастық аясында шикізат ресурстарын қайта өңдеуді дамытуға ерекше назар аударылады. «Қазамыс корпорациясының» өнеркәсіптік мамандануын ескере отырып, меморандум Алматыда мысты қайта өңдеуге және жоғары сатыдағы өнім шығаруға байланысты өндірістік тізбектерді қалыптастыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Меморандумға қол қою өңіраралық өндірістік байланыстарды одан әрі нығайтуға, алматылық кәсіпорындардың ірі компаниялардың жеткізу тізбегіне қатысуын кеңейтуге, сондай-ақ қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. СПК «Алматы» өз құзыреті шеңберінде ірі бизнес пен Алматы индустриялық аймағының резиденттері арасында тиімді өзара іс-қимыл орнатуға ұйымдастырушылық және консультациялық жәрдем көрсетуді жалғастырады.

Дереккөз: Almaty.tv