...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда танымал дүкенге алкоголь сатуға тыйым салынды

Алматыдағы Медеу ауданының полиция қызметкерлері қала орталығындағы танымал дүкендердің бірінде алкоголь өнімдерін сату заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Сот шешімімен сауда нысанының қызметі уақытша шектеліп, алкоголь өнімдері тәркіленіп, лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл шаралар полиция және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық ынтымақтастығы аясында қабылданды. Мұндай фактілер мегаполисте жүйелі түрде анықталып, әрқайсысы бойынша заңды шаралар қолданылады.

Кез келген бұзушылық заңда көзделген салдарға әкеп соғады. Сауда нысандарының қызметін тоқтату тәжірибесі қазірдің өзінде қолданылып жатыр және болашақта да жалғасады. Заң барлығына бірдей, оның талаптарын елемеуге жол берілмейді, — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Дереккөз: Nur.kz