...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы облысындағы көпқабатты үйде балкондар өртеніп, 50-ден астам адам эвакуацияланды

Алматы облысы, Іргелі ауылындағы көпқабатты үйдің балкондары өртке оранды. Тілсіз жау 7-9-қабаттар аралығындағы балкондарды шарпып, от пәтерлерге ауысқан. Зардап шеккендер жоқ, бірақ 50-ден астам тұрғын үйден өздігінен көшірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт 25 мамыр күні сағат 15:51-де тіркелген. Жалын 7-8-қабаттардағы балкондарды жалмап, пәтерлерге де өткен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 50 адам, оның ішінде 15 бала өз бетінше эвакуацияланған.

«7-8-қабаттардағы балкондардың ашық жануы байқалды. Өрт дамыған түрге ие болды. Алғашқы бөлімшелер келгенге дейін 50 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен эвакуацияланды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар өртті жедел ауыздықтап, оның әрі қарай таралуына жол бермеген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: Nur.kz