...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тағы үш көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді

Алматыда Достық даңғылы, Зенков және Атамәкен көшелерінің бөліктерінде 18 маусымнан бастап бір бағытты қозғалыс енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Достық даңғылы бойынша Гоголь көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейінгі аралықта солтүстік бағытта, ал Зенков көшесінде Мақатаевтан Гогольге дейінгі учаскеде оңтүстік бағытта бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылды.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, Әуезов ауданындағы Атамәкен көшесінде №103 үйден №108 үйге дейінгі аралықта оңтүстік бағытта бір бағытты қозғалыс енгізілген.

Бұл шаралар көлік жүктемесін азайтып, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттырып, жолдардағы қақтығыс жағдайларының санын қысқартуға көмектеседі деп күтілуде, — делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдікте өзгерістер тек ағымдағы көлік жағдайын талдау ғана емес, сонымен қатар осы аудан тұрғындарының өтініштері бойынша қабылданғанын атап өтті. Бір бағытты қозғалыс пилоттық режимде енгізіліп, тиімділігіне мониторинг жүргізіледі, содан кейін одан әрі шешімдер қабылданады.

Дереккөз: Nur.kz