
Синоптиктер Алматыда 22-28 маусым аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Бірінші жаз айы аяқталып келеді, бірақ алда тағы екі-үш ыстық ай күтіп тұр, демалысты тиімді өткізуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі, 22 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз +31, түнде +22. Сейсенбі, 23 маусым: ашық, күндіз +32, түнде +21. Сәрсенбі, 24 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз +32, түнде +21. Бейсенбі, 25 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз +33, түнде +22. Жұма, 26 маусым: аз бұлтты, күндіз +33, түнде +23. Сенбі, 27 маусым: қысқа мерзімді жаңбыр, күндіз +33, түнде +22. Жексенбі, 28 маусым: қысқа мерзімді жаңбыр, күндіз +32, түнде +22.
Мәліметтер world-weather.ru сайтынан алынды.
Дереккөз: Almaty.tv