...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жасыл базар маңындағы екі көше бір бағытты болды

Алматыда 18 маусымнан бастап Медеу ауданында, Жасыл базар маңында екі көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Достық даңғылы бойынша Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі учаскеде солтүстік бағытта, ал Зенков көшесі бойынша Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаскеде оңтүстік бағытта бір бағытты қозғалыс енгізілді.

Сонымен қатар, Әуезов ауданында Атамекен көшесінде (Атамекен шағын ауданы) №103 үйден №108 үйге дейінгі учаскеде оңтүстік бағытта бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылған.

Бір бағытты қозғалыс пилоттық режимде енгізіліп отыр. Тиімділік мониторингінің қорытындысы бойынша одан әрі шешімдер қабылданады, — делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, Саин көшесінде қоғамдық көлік үшін бөлек жолақ іске қосылатыны белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz