...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс сүрілді: Алғабастағы автосервис ғимараты жойылды

Алматыда Алғабас шағын ауданы, Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыстың рұқсат құжаттарынсыз жүргізілгені анықталды. Меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Нұсқама талаптары орындалмаған соң, басқарма Алматы қаласының Алатау аудандық сотына талап-арыз берді. Соттың 2025 жылғы 29 мамырдағы шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды, ал Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысанды бұзу жұмыстарын меншік иесі сот шешімін орындау мақсатында кеше жүргізді.

Дереккөз: Almaty.tv