...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тағы бір заңсыз қосымша құрылыс сүріліп жатыр

Бүгін, 17 шілдеде, Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз қосымша құрылысты бөлшектеу процесі басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосымша құрылыс сүрілуге жатады. Жоспардан тыс тексеру кезінде меншік иесінің нысанды рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталған.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен қосымша құрылыс сүрілуге тиіс, — деп нақтылады басқармада.

Нысанды бөлшектеу бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Дереккөз: Nur.kz