...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда су тарифтері 1 қазаннан өзгереді: тұрғындар мен бизнеске қанша төлеу керек

Алматыда 2026 жылғы 1 қазаннан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтері өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа тарифтер тұтынушылар топтары бойынша сараланған. Жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау тарифі ҚҚС-ты қоса есептегенде текше метріне 178,06 теңге, су бұру — 119,46 теңге болып белгіленді.

Бизнес пен заңды тұлғалар үшін су тарифі 362,18 теңге, су бұру — 264,75 теңге, яғни ҚҚС-пен бірге текше метріне барлығы 626,93 теңге.

Мемлекеттік ұйымдар үшін сумен жабдықтау тарифі текше метріне 649,60 теңге, су бұру — 189,14 теңге.

Сонымен қатар 1 қазаннан бастап су есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері де өзгереді. Тұрғындар үшін тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерге су тұтыну ҚҚС ескерілген айына бір адамға 2 670,90 теңгені құрайды. Есептегіш құралын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ ескі және апатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындары үшін тариф 956,19 теңге болады.

Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін суық суды бұру төлемі айына бір адамға 1 791,85 теңге, ыстық суды бұру — 376,29 теңге.

Сондай-ақ жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды және басқа да нысандарды суару тарифі белгіленді — ҚҚС-пен суаратын аумақтың бір жүз шаршы метріне айына 1 780,60 теңге.

«Алматы Су» жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енетінін нақтылады.

Бұған дейін Алматыда коммуналдық арнайы тұрақтарда көлік құралдарын эвакуациялау және уақытша сақтау үшін бірыңғай төлем тәртібін белгілеу ұсынылған болатын.