...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда «Гүлденген мегаполис» көрмесі өтеді

30 сәуір 2026 жылы Алматыдағы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме ұйымдастырылады. Оны «Алматы кітапханалары» мен ByArT көркем студиясы бірлесіп өткізеді. Шара барысында қалалық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік туындыларға шолу жасалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Байқау сәуір айының басында жарияланып, жұмыстарды қабылдау 23-і күні аяқталды. Барлығы 109 жұмыс түсіп, оның 70-і көрмеге іріктелді. Таңдалған туындылар қаламыздың көрікті жерлері мен сұлулығын ашады.

Көрмеге София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский мен оның отбасы қатысады.

Келушілер жас таланттардың жұмыстарымен таныса алады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Көрменің мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу, балалар шығармашылығын қолдау және жас таланттарды анықтау.

Өтетін орны: А. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109). Уақыты: 30 сәуір 2026 жыл, сағат 11:00.

Дереккөз: Almaty.tv