Алматыда Сейфуллин даңғылы, 53 мекенжайындағы тұрғын үй-жайға салынған қосымша құрылыс бұзылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының 2026 жылғы 5 қарашадағы мәліметіне сәйкес, бұл құрылыс рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғызылған.
Бұған дейін, 27 қазанда Алматының 3 шағын ауданындағы 16А мекенжайында заңсыз салынған нысанның бұзылғаны туралы хабарланған болатын. Ал 21 қазанда Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында орналасқан «Жетісу-Семіречье» базарының сауда алаңдарын бұзу басталғаны белгілі болды.
