Алматыда заңсыз салынған қосымша құрылыстарды анықтау жұмысы жалғасып жатыр, бұл жолы бұзушылық Сейфуллин даңғылында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалада өз бетінше салынған нысандарды анықтау шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Кезекті тексеріс барысында Сейфуллин даңғылы бойында рұқсатсыз тұрғызылған құрылыс анықталып, ол бұзылды.
Мамандар заңсыз құрылыстардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын жалғастыруда.
