...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы таулары: төрт маусымда да демалыс мүмкіндігі қалай ашылады

Алматы тау кластері тау белдеулерін жаңғыртып, инфраструктураны дамытуды көздейді, бұл таудың мүмкіндіктерін жыл бойы пайдалануға жол ашады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба қолданыстағы тау аймақтарын жаңартуға және төрт маусымда да тау мүмкіндіктерін игеруге мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Қыста бұл — тау шаңғысы мен сноуборд, жаңадан бастаушыларды оқыту, балалар бағдарламалары, дайындалған трассалар және қысқы белсенді демалыстың басқа түрлері. Көктемде — жаяу серуендеу, хайкинг, сауықтыру бағдарламалары, SPA-бағыттар, ретриттер және табиғатта қалпына келтіретін демалыс. Жазда — треккинг, веломаршруттар, трейлраннинг, отбасылық демалыс, outdoor-белсенділік, спорттық және сауықтыру бағдарламалары. Күзде — жаяу және экскурсиялық маршруттар, wellness-бағдарламалар және тауда тыныш демалыс.

Мұндай тәсіл жетекші таулы елдерде қолданылып келеді. Австрияда курорттар шаңғы маусымы аяқталған соң хайкинг, велоспорт және отбасылық демалысты дамытады, ал Францияда «төрт маусым» моделі жаяу және велосипед маршруттарын, outdoor-белсенділікті, табиғи және сауықтыру туризмін қамтиды.

Алматы үшін жыл бойы жұмыс істейтін тау инфрақұрылымын дамыту тек туристік ұсынысты кеңейту емес. Бұл тау қаланың күнделікті өмірінің табиғи бөлігіне айналатын демалыс мәдениетін қалыптастыру мүмкіндігі: спорт, отбасылық демалыс, қалпына келу, табиғатпен араласу және белсенді уақыт өткізу орны.

Тау инфрақұрылымының жыл бойы жұмыс істеуі экономикалық тиімділік те береді: қонақүйлердің, мейрамханалардың, прокат пен көліктің жүктемесі тұрақтырақ болады, гидтер мен нұсқаушылардың қызметі, шағын бизнес дамиды, жұмыс орындары ашылады.

Сонымен қатар Алматы тау кластерінің міндеті — тауға адам ағынын жай ғана көбейту емес, алматылықтар мен қала қонақтары үшін жыл бойы ұйымдасқан, жайлы әрі қауіпсіз демалысқа жағдай жасау.

Осылайша Алматының табиғи артықшылығы төрт маусымда да — қала тұрғындары, туристер, спорт, денсаулық және мегаполис экономикасы үшін жұмыс істей алады.