
Алматыда 1931–1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара «Қарағайлы» саябағында өтіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орайластырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
31 мамырда Алматыдағы «Қарағайлы» саябағында 1931–1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар, жазушылар және жастар қатысты.
Қатысушылар қаза тапқандардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
31 мамыр – Қазақстан тарихындағы маңызды естелік күндердің бірі. Бұл күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады. Алматыда күн бойы еске алу шаралары өтіп, тарихтың қасіретті беттеріне арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, көрмелер және жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылды.
Дереккөз: Inalmaty.kz