Алматыда сайлау учаскелері ашылғаннан кейін бірден адамдар келе бастады. Мектептер, колледждер және басқа да ғимараттардың кіре берісінде кезектер қалыптасты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Адамдардың көптігіне қарамастан, дауыс беру процесі тыныш және ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.
Көптеген қала тұрғындары отбасыларымен, достарымен және әріптестерімен келуде. Кейбіреулер демалыс күнін туыстарымен өткізу үшін таңертең дауыс беруді жөн көргендерін айтады.
Кезекте тұрған алматылықтар дауыс беруге қатысуды маңызды азаматтық борыш және өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі деп санайтындарын жеткізді.
Мегаполистегі сайлаушылардың жоғары белсенділігі қала тұрғындарының ел үшін маңызды оқиғаға деген үлкен қызығушылығын көрсетеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру күні бойы жалғасуда.
