24-26 тамыз аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Алматыда алғашқы күні нөсер жаңбыр мен бұршақ күтілсе, Астана мен Шымкентте құрғақ әрі ыстық күндер болмақ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 24 тамызда Алматыда ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады. Бұл күні айнымалы бұлттылық, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 тамызда Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы орнайды: түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С. 26 тамызда да ашық аспан сақталады, түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С жылы болады.
Астанада 24 тамызда түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С. Күндізгі уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі. 25 тамызда бұлтты ауа райы, жаңбыр, найзағай, түнде қатты жаңбыр жауады. Температура түнде +16+18°С, күндіз +24+26°С. 26 тамызда жауын-шашынсыз, түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.
Шымкентте үш күн бойы ашық аспан сақталады. 24 тамызда түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С. 25 тамызда түнде +15+17°С, күндіз +33+35°С. 26 тамызда түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Бұған дейін «Қазгидромет» Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасаған болатын.
